Ресей Оңтүстік Курил аралдарында жаңа казармалар салып, Жапонияның қарсылығына тап болды. Ресми Токио сол үшін Мәскеуге наразылық білдіретінін мәлімдеді. «Үкіметіміз бұл дауды шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - дейді премьер-министр Синдзо Абэ Хоккайдо басшылығымен өткен кездесуде. Ал, елдің Сыртқы істер министрі Ресейге шағым жіберетінін атап өтті.
Жапония қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Мәскеу екі аралға 3500 жауынгер мен әскери ұшақтарды, зымыран кешендерін және өзге техника шоғырландырған. Сондай-ақ, Ресей қорғаныс министрлігі төрт даулы аралдың екеуіне төрт казарма салғанын жариялап отыр.
Бұл жерлерді Ресей Оңтүстік Курил, Жапония Солтүстік территориялар деп атайды. Екі мемлекет осы даулы аралдар үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бейбіт келісімге қол қоймай келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.