Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласында жойқын жарылыс болып, кемінде 8 адам қаза тапты. Талай азамат жараланған. Жергілікті адам құқығын қорғау қызметінің келтірген деректері бойынша оқиға қала орталығындағы базарлардың бірінде болған. Бомба тиелген көлік адам көптеп жиналған сәтте жарылған. Күшті дүмпуден жанындағы контейнерлер мен дүкендердің астаң-кестеңі шығып, көбі өртеніп кеткен. Қазір әлеуметтік желілер арқылы түрлі кадрлар тарап жатыр. Зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Әзірге жарылысты қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.