Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй биліктен кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй биліктен кетуі мүмкін

12.12.2018

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйге биліктен кету қаупі төніп тұр. Бүгін оның партияластары, яғни, консерваторлар үкімет басшысына сенімсіздік білдіру туралы 48 өтініш жинаған. Содан кейін Мэй мәлімдеме жасап, өзі отставкаға жіберілсе, Ұлыбританияның болашағы мен «брексит» туралы келіссөздердің қауіпке душар болатынын ескертті.

Айта кетсек, Тереза Мэйдің Корольдікті Еуропа Одағынан шығару туралы келісім жобасы көпшіліктің көңілінен шықпады. Өйткені, ол құжатқа сәйкес, екі жақ ажырасқаннан кейін де, Ұлыбритания аумағында Еуропа Одағының кедендік ережелері өз күшін сақтап қалмақ.

Соңғы мәліметке қарағанда, британ парламентінің қауымдар палатасы Мэйге сенімсіздік білдіру мәселесін бүгін жергілікті уақытпен кешкі сағат 20.00-ге дейін дауысқа салады. Егер депутаттардың көпшілігі үкімет басшысын қолдамайтынын жарияласа, Терезе Мэйге партия жетекшілігінен және премьер-министрліктен кетуге тура келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу