Франция президенті Эммануэль Макрон жалақыны көтеріп, салықты және өзге де төлемдерді төмендетуге уәде берді. Мұның алдында елде бірнеше апта бойы үкіметке қарсы жаппай шерулер өтіп, оның соңы үлкен тәртіпсіздіктер мен қақтығыстарға ұласты. Сонымен қатар, телевизиялық үндеуінде Елисей сарайының қожайыны халықтың ызасы мен қарсылығының жөн екенін мойындап, жағдайы төмен зейнеткерлерден салық алынбайтынын жариялады. Бұған қоса, ұлтқа жолдауында Макрон компанияларды жыл соңында жұмыскерлерге сыйақы төлеуге ынталандыруға күш салатынын атап өтті. Дегенмен, ол экономиканы әлсіретіп алудан және жұмыс орындарының азаюынан қауіптеніп, байларға салықты көтеруден бас тартты.
Айта кетсек, Францияда жанармай салығының өсуі мен қымбатшылыққа қарсы шерулер қарашаның 17-де басталып, оған жүздеген мың адам қатысты.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.