Үндістанда маймылдар қаптап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда маймылдар қаптап кетті

11.12.2018

Енді олар Нью-Делидің орталық көшелерін басып қалды. Жануарлар үкімет кеңселерінде, президент ордасында ғимараттан-ғимаратқа емін-еркін секіріп жүр. Маймылдар электр сымдарын үзіп, кеңсе терезелерінен ұрланған қағаздарды жыртып, адамдардың жеп отырған тамағын жұлып алып кетеді. Соңғы деректерге қарағанда, қазір ел астанасында шамамен 4-5 мың маймылдардың қауіпті түрі - макака бар. Халық шағымы көбейгендіктен, министрлікте шенеуніктер олардан төнген қатер туралы сөз қозғап, қарсы шаралар қарастыруда. Бірақ, үнділіктер үшін маймыл қасиетті жануар болғандықтан, жергілікті тұрғындар оларға ішкен асын, банан сияқты жеміс-жидек беруді тоқтатпайды. Кей сарапшылардың сөзінше, басты проблема осы - адамдар бұл жануарлардан төнген қауіпті ескермейді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу