Францияда демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерден 1000-ға жуық адам ұсталды. Қарашаның 17-нен бері жалғасып жатқан үкіметке қарсы шерулер соңы зорлық-зомбылыққа ұласқан. Парижде полиция демонстранттарға қарсы бірнеше мәрте газ қаруын қолданды. Ал, наразы топ тәртіп сақшыларына бөтелке лақтырып, көліктерге өрт қойған.
Франция астанасында 900 мыңнан астам, ал, күллі ел аумағында1300-ден астам адам ұсталды. Көшелерге 90 мыңға жуық әскери қызметкер, 12 брондалған көлік шығарылған. Бастапқыда шеру биліктің отын бағасын өсіруге қатысты жоспарына қарсы басталған еді. Кейін, «сары кеудешелер» қозғалысы радикалдық элементтер ықпалымен ауқымды тәртіпсіздіктерге ұласқан.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.