Жапония жағалауында 6 америкалық теңізші жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония жағалауында 6 америкалық теңізші жоғалып кетті

06.12.2018

Болжамдарға қарағанда, олар мінген әскери ұшақтар әуеде жанармай құю кезінде бір-бірімен соқтығысып қалса керек. Мұны АҚШ өкілдері мәлімдеді.

Оқыс оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақытпен түске таман теңіз жағалауынан 322 шақырым қашықтықта болған.

Жапония қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жауынгерлер 7 америкалық теңізшінің біреуін құтқарып алған. Қалғандары қазір іздестіріліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, құтқарылған пентагондық сарбаздың денсаулығы қалыпты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу