Израиль ливандық «Хезболла» қозғалысының шабуыл жасайтын туннельдерін іздеу, жою операциясын бастады. Бұл науқан «Солтүстік қалқаны» деп аталады. Мұны бүгін Израиль әскерилерінің ресми өкілі Джонатан Конрикус мәлімдеді. Оның айтуынша, еврей мемлекеті азаматтарына қауіп төндіретін жерасты жолдарын анықтау мен бұзу шаралары елдің теріскейіндегі Метула қаласы маңында жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, дүйсенбі күні кешкісін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесіп, Израильдің солтүстігінде Иран мен оның сателлиттерінің әрекетін тоқтату жолдарын талқылады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.