Байқоңырдан ұшырылған «Союз» кемесінің экипажы Халықаралық ғарыш станциясына аман-есен жетті. Кеме орбиталық бекетке 6 сағатта жетіп, онымен сәтті түйіскен. Станцияға НАСА астронавты Энн Маклейн, Канада ғарыш агенттігінің астронавты Давид Сен-Жак пен «Роскосмос» ғарышкері Олег Кононенко барды.
Жаңа экспедиция орбитада 194 күн бойы жұмыс істеп, 48 ғылыми тәжірибе өткізеді. Бұл – «Союздың» қазанның 11-де апатқа ұшырағаннан кейінгі алғашқы ұшырылуы. Сол кезде арнайы комиссия төтенше жағдайға кеменің датчигіндегі ақау себеп болғанын анықтаған еді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.