Нигерия президенті тірі екенін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерия президенті тірі екенін жариялады

04.12.2018

Бұл туралы Мохаммаду Бухаридің өзі БҰҰ-ның Польшада өтіп жатқан климат жөніндегі конференцияда мәлімдеді. Осыған дейін әлеуметтік желілерде Нигерия президенті ауыр дерттен қайтыс болып, оның орнын өзіне ұқсас Джубрил есімді судандық алмастырды деген хабар тараған еді. Бұған Бухаридің 2015 жылдан бері денсаулығы нашарлап, 2017 жылы Лондонға үш айға емделуге баруы себепші болған. Соған қарамастан, Нигерияның 75 жастағы басшысы 2019 жылы ақпанда өтетін президенттік сайлауға қатысудан да үмітті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу