Ресей әскерилері ұстаған украиналық теңізшілер 2 айға қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскерилері ұстаған украиналық теңізшілер 2 айға қамалды

28.11.2018

Қырым соты Ресей тұтқындаған украиналық 24 теңізшінің 12-сін 60 күнге қамау туралы үкім шығарды. Қалғандарына қатысты шешім бүгін жарияланады. Айта кетсек, бұл жауынгерлер қарашаның 27-де Қара және Азов теңіздерін жалғастыратын Керчь бұғазында қолға түсті.

Сол күні Ресей жағалау күзетінің кемелері Украинаның катерлеріне оқ атып, оларды басып алғаны белгілі. Қақтығыс кезінде кемінде үш адам жараланған. Ресми Киев украиналық кемелер Керчтен өтетінін алдын ала ескерткенін мәлімдеп отыр. Алайда, Ресей тарапы ол катерлер елдің территориялық суларына заңсыз кірді деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу