Францияда жанармай бағасының өсуіне қарсы 100 мың адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жанармай бағасының өсуіне қарсы 100 мың адам шеруге шықты

26.11.2018

Францияда шерулер полициямен қақтығысқа ұласып, 19 адам жараланды. Ел астанасы Парижде жанармай бағасының өсуіне қарсы 100 мыңдай адам шыққан. Демонстранттар президент Эммануэль Макроннан бұл шешімнен бас тартуды немесе отставкаға кетуді талап етті.

Елисей алаңындағы президент сарайына басып кірмек болған жұртты басу үшін 5 мыңға жуық полиция тартылған. Ашуға ерік бергендер жолдарға бөгет қойып, тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Париж бен басқа қалаларда екі күн бойы өткен манифестациялар мен қақтығыстар кезінде бас-аяғы 130 адам тұтқындалды.

Мемлекет басшысы Макрон болса, шерушілерді сөгіп, жанармай бағасының өсуін халықты экологиялық таза көлік түріне көшіріп, ядролық энергияға тәуелділікті кеміту мақсатында жасалып отырған шара деп ақталды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу