Мексика мен АҚШ арасындағы шекарада жағдай ушығып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексика мен АҚШ арасындағы шекарада жағдай ушығып тұр

23.11.2018

АҚШ-қа өтпек болған жүздеген мигрант Тихуанада шеру ұйымдастырды. Демонстранттар олардың құжаттары иммиграциялық қызметте ұзақ қаралап жатыр, деп шағымдануда. Ал, бұл - Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың мигранттарға қарсы жасалған реформасының салдары. Енді босқындарға тек АҚШ азаматы оған кепілдік бере алатын болса ғана шекара асып өтуіне мүмкіндік бар. Олардың құжаттарының қаралуы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Орталық Америкадан келген босқындарға Мексика жерінде жұмыс істеу визасы берілсе де, олардың діттеген жері Құрама Шаттары болып отыр. Шерушілерді басу үшін тәртіп сақшылары мейлінше күшейтілді.

Айта кетсек, бұл мигранттардың көбі - Гондурас пен Сальвадордағы кедейшілік пен зорлық-зомбылықтардан, коррупция мен қылмыстан қашқан адамдар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу