Иран Ресей компаниялары арқылы Сирияға миллиондаған баррель мұнай жеткізген. Мұны АҚШ-тың Қаржы министрлігі мәлімдеп отыр. Айта кетсек, Американың санкциясы бойынша Тегеран Башар Асад режиміне энергетикалық шикізат экспорттамауға тиіс.
Асад үкіметі мұнайдың ақысы ретінде Иранның элиталық әскери-саяси бөлімшесі – Ислам революциясының сақшылар корпусына миллиондаған доллар аударған. Әрі қарай бұл ақша Палестинадағы «Хамас», Ливандағы «Хезболла» қозғалыстарына жіберілген. Бұл топтар Иранға одақтас, АҚШ үшін - террористтік ұйымдар.
Соңғы мәліметке қарағанда, Вашингтон осы іске байланысты ресейлік, ирандық компанияларға санкция жариялады. Алайда, Мәскеу Сирияға мұнай сату туралы келісімді орындауды тоқтатпайтынын мәлімдеп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.