«Nissan» президенті тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nissan» президенті тұтқындалды

20.11.2018

Жапонияның «Ниссан Мотор» компаниясының президенті Карлос Гон тұтқындалды. Ол кірісін төмендетіп көрсетіп, концерн қаржысын жеке мүддесіне пайдаланғаны үшін қызметінен де аластатылады. Жалпы алғанда, Гон тексеруші органдардан 44 миллион долларды жасырып қалды деген мәлімет бар.

Карлос Гон – аты аңызға айналған кризистік менеджер. Кезінде ол «Nissan»-ды банкроттықтан құтқарып, өзге де алып автоконцернтерді табысты жолға қайтарды.

Гон француздың «Renault» компаниясының да президенті. Сонымен қатар, ол 2016 жылдан бері «Mitsubishi Motors»-тың директорлар кеңесін басқарып келеді.

Карлос Гон 1954 жылы Бразилияда ливандық эмигранттар отбасында дүниеге келіп, бес жасында-ақ бір машинаны екіншісінен дыбысы бойынша ажыратқан. Португал, испан, итальян, француз, ағылшын, жапон тілдерін меңгерген Гон бір басында қызметі көп болғандықтан, бір кездері Ливанға президент болудан бас тартыпты.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу