Мексикада шекара аспақ болған мигранттарға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада шекара аспақ болған мигранттарға қарсы шеру өтті

19.11.2018

Мексиканың Тихуана қаласында Құрама Штаттарға шекара асып кетпек болған мыңдаған мигрантқа қарсы шеру өтті. Жергілікті тұрғындар босқындар олардың өміріне қауіп келтіруі мүмкін деп шағымдануда. Ту ұстаған демонстранттар: «мигранттар керуені елдің заңын бұзып, қауіпсіздікке үлкен нұқсан келтіреді»,- дейді. Себебі, олардың көбі қаруланған екен. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, шекараға келген мигранттар саны 6 мыңға жеткен. Олардың көбі бала екені белгілі болды.

Айта кетейік, елдің түкпір-түкпірінен жиналған босқындар АҚШ-қа шекара аспақ болған. Бірақ, оларды америкалықтар өз еліне жібермей, тосқауыл қойып отыр. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу