Канаданың Торонто қаласына қардың жапалақтап жауғанын босқындар ерекше тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канаданың Торонто қаласына қардың жапалақтап жауғанын босқындар ерекше тамашалады

13.11.2018

Африка балалары алғаш рет қар көрді. Канаданың Торонто қаласына жапалақтап ақ ұлпаның жауғанын босқындар ерекше тамашалады. Балалардың қарға таңырқай қарап, асыр салып ойнаған сәтін Ребекка Дэвис есімді мигранттар мәселесі бойынша жоба жетекшісі әлеуметтік желіге жария етіпті. Дэвис 5 адамнан тұратын Суданнан келген отбасын өз үйіне кіргізіп, уақытша баспана берген. Жоба бойынша соңғы жылдары Канадада 3 сириялық отбасы баспаналы болыпты.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу