Бразилияда лай көшкінінен 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда лай көшкінінен 10 адам қаза тапты

12.11.2018

Бразилияда лай көшкіні жүріп, 10 адам қаза тапты. 4 кісі  жоғалып кеткен. Оқиға елдің Рио-де-Жанейро қаласында болды. Үздіксіз жауған нөсер соңы өңірде лай көшкініне ұласқан. Одан бірнеше баспана, бизнес нысанға зақым келді. Құтқарушылар үйінділер астынан 11 адамды шығарды. Олардың арасында кішкентай сәби бар. Рио-де-Жанейрода лай көшкіні жиі болады. Апаттан негізінен биліктің рұқсатынсыз тұрғызылған үйлер бұзылады екен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу