Лондонда осы тарихи датаға орай «Тауэр» қамалы айналасындағы ордада мыңдаған шырақ жағылды. «Ұжымдық еске алу актісі» қарашаның 11-не дейін жалғасады. Оған сол жаһандық ұрыста қаза тапқандардың ерлігіне бас иіп, тағзым еткісі келетін адамдар қатыса алады.
Осындай шаралар Франция мен Италия қалаларында өтіп жатыр. Айта кетсек, 1914-1918 жылдары - І Дүниежүзілік соғыста жалпы алғанда 17 миллион жауынгер мен бейбіт тұрғын мерт болды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.