Кубада ретро көліктер раллиі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубада ретро көліктер раллиі өтті

05.11.2018

Куба астанасы және ең ірі қаласы - Гавана көшелерінде ерекше ралли өтті. Оған ретро көліктер қатысқан. Антикварлық машиналар шеруі шаһардың тарихи бөлігінен басталып, Малекон жағалауына дейін жалғасты. Мұндай ралли Гаванада жыл сайын өтеді. Айта кетсек, Кубаның ретро көліктері әлемге әйгілі және осы ел мәдениетінің бір бөлігі болып саналады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу