Хакерлер «Фейсбуктың» 257 мың қолданушысы туралы мәліметтерді жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хакерлер «Фейсбуктың» 257 мың қолданушысы туралы мәліметтерді жариялады

02.11.2018

Интернетте «Фейсбук» әлеуметтік желісінің 257 мың қолданушысы туралы ақпарат ашық тұр. Тіптен, 81 мың аккаунттың жеке хабарламаларын кез келген адам оқи алады. Бұл - хакерлердің ісі. Кибершабуылдан барлығы 120 миллион адамның жеке парақшасы бұзылса керек. Бұл мәліметтер архиві үшін хакерлер 12 миллион доллар талап етіп отыр. Оларда қолданушыларының аты-жөндері, электрондық мекенжайлары, телефон нөмірлері бар. Ал, «Фейсбуктің» мәлімдеуінше, кибершабуылшылар адамдардың төлем карталарының құпиясөздеріне қол жеткізе алмаған. Хакерлердің әрекеті қыркүйекте әшкере болғанымен, тек қазанның ортасында жария етілді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу