Ресейде мұнай өңдеу базасында болған өрттен 2 адам жапа шекті. Олар ауруханада жатыр. Оқиға Ханты Манси автономиялық округіндегі Хохряковское кен орнында болған. Мұнда 2,5 тонналық екі резервуардың қақпағы ашылып кетіп, төгілген отыннан тұтанған от 1 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір жалынның тарауы тоқтатылды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.