Венецияның 75 пайызын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венецияның 75 пайызын су басты

30.10.2018

Италияның орталық және оңтүстік бөліктерінде ауа райы бұзылды. Мұнда күшті жел соғып, үздіксіз жаңбыр соңы тасқынға ұласқан. Желдің екпінінен ағаштар жолдарға құлап, 4 адам қаза тапты. Италия астанасында қолайсыз ауа райына орай мектептер жабылған. Ал, Венецияның 75 пайызы су астында қалды. Мұнда су толқындары 156 сантиметр биіктікке көтеріліп, көшелерді тасқын жайлады. Адамдар су кешіп жүр. Хорватия мен Австрия тұрғындарын да осыған ұқсас ауа райы әбігерге салды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу