АҚШ-тың Питтсбург қаласында синагогаға жасалған шабуыл құрбандарын еске алу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Питтсбург қаласында синагогаға жасалған шабуыл құрбандарын еске алу шарасы өтті

29.10.2018

АҚШ-тың Питтсбург қаласында синагогаға жасалған шабуыл құрбандарын еске алу шарасы өтіп жатыр. Марқұмдардың есімдері анықталды. Олардың ең жасы - 54-те, ал, кәрісі - 97 жаста. Барлығы 11 адам қаза тауып, 6-ауы жараланды. Жапа шеккендердің төртеуі - полиция қызметкері. Шабуылшының өзі полициямен атыста жараланып, қолға түсті. 46 жастағы америкалық Роберт Боуэрске 29 пункт бойынша айып тағылған. Оны өлім жазасы күтіп тұр. Қылмыскер бұған дейін әлеуметтік желілерде антисемиттік жазбалар қалдырғаны мәлім болды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу