Ресейдің Краснодар өлкесінде толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласып, 6 адам қаза тапты. Тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Соңғы деректер бойынша, Үлкен Сочидегі бірнеше ауылды су шайып, теміржол қатынасы тежеліп, тас жолдарда көлік қатынасы қиындаған. Қазір куәгерлер осы апат туралы суреттер мен видеоларды таратып жатыр.
Жауыннан Туапсе және Адлер қалалары да зардап шеккен. Тасқын құрбандарының үшеуі егде жастағы адамдар екені анықталды. Олардың үйлерін су басып қалғандықтан, сыртқа шыға алмай, жантәсілім еткен. Қауіп төнген аудандардан адамдар көшірілмек. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ