Ресей АҚШ-тың ядролық зымырандарын өз жеріне орналастырған Еуропа елдерін нысанаға алады. Мұны Италия премьер-министрі Жюзеппе Контемен Мәскеуде өткен баспасөз маслихаты барысында президент Владимир Путин ескертті.
Осыдан бірер күн АҚШ президенті Дональд Трамп 1987 жылы КСРО мен Америка қол қойған ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген-ді. Кремль басшысы сол «қауіпті» шешімді Вашингтонмен талқылағысы келеді.
Болжамдарға қарағанда, Трамп пен Путин қарашаның 11-де Парижде кездеседі.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.