АҚШ-та демократиялық партия өкілдеріне бомба салынған сәлемдемелер жіберілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та демократиялық партия өкілдеріне бомба салынған сәлемдемелер жіберілген

25.10.2018

АҚШ-та демократиялық партия өкілдеріне шабуыл жасалды. Барак Обама, Хиллари Клинтон, Ұлттық демократиялық кабинеттің бұрынғы басшысы Дебби Вассерман-Шульц, ЦРУ-дың бұрынғы басшысы Джон Бреннан мен «CNN» комментаторларының бірінің үйлеріндегі пошта жәшігіне жарылғыш зат салынған сәлемдеме жіберілген. Осындай қауіпті хаттар 5 адамға жеткен екен. Кейбіреуіне бомбамен қоса, ақ ұнтақ салынған. Олардың барлығында сәлемдемені жіберуші ретінде жоғарыда аталған Дебби Вассерман-Шульцтің есімі көрсетілген. Нью-Йорк полициясы бұл оқиғаны «террористік акт» деп мәлімдеді. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп дәл қазір бірлікте болудың маңызды екенін және АҚШ-та саяси зорлық-зомбылық қаупіне жол берілмейтінін мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу