Трамптың кеңесшісі Джон Болтон Мәскеуге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамптың кеңесшісі Джон Болтон Мәскеуге барды

23.10.2018

АҚШ-тың 1987 жылы Кеңес одағымен жасалған ядролық келісімнен шығуы қауіпті. Мұны бүгін Кремль ескертті. Ал, президент Дональд Трамптың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Мәскеуге барып, Ресей әскери басшылығымен, Сыртқы істер министрімен және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесті. Сонымен қатар, ол бүгін президент Владимир Путинмен жүздесіп, екіжақты қатынастарды, Сирия мәселесін, аймақтық жанжалдарды талқылайды. Бұған қоса, Болтон ядролық келісімге қатысты Вашингтонның позициясын түсіндіруі мүмкін.

Айта кетсек, АҚШ-тың атомдық арсеналды ұлғайту жоспарын Ресей жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу