Қытайда ашылған әлемдегі ең ұзын теңіз көпірінің үстінен журналистер жүріп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда ашылған әлемдегі ең ұзын теңіз көпірінің үстінен журналистер жүріп өтті

23.10.2018

Бүгін Қытайда ашылған әлемдегі ең ұзын теңіз көпірінің үстінен журналистер екі деңгейлі автобуспен жүріп өтті. Бұл сапар тілшілерді жаңа нысанмен таныстыру үшін ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, Гонконг-Джухай-Макао көпірі көліктер үшін ертең ашылады. Оны Қытай президенті Си Цзиньпин бүгін ресми түрде ашты.

Гонконг пен Макаоны жалғайтын су жолының ұзындығы – 55 шақырым. Оның құрылысына 20 миллиард долларға жуық қаражат жұмсалған екен.

Ал, көпірді тұрғызуға тоғыз жыл кетті. Сол уақыт ішінде құрылысқа тартылған 18 жұмысшы қаза тапқан.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу