Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды

23.10.2018

Бүгін Қытай президенті Си Цзиньпин әлемдегі ең ұзын теңіз көпірін ресми түрде ашты. Гонконг пен Макаоны жалғайтын су жолының ұзындығы – 55 шақырым. Оның құрылысына 20 миллиард долларға жуық қаражат жұмсалған екен.

Көпір тоғыз жыл бұрын салына басталды. Содан бері бұл құрылысқа тартылған 18 жұмысшы қаза тауыпты.

Соңғы мәліметке қарағанда, Гонконг-Джухай-Макао көпірі көліктер үшін ертең ашылады.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу