Болгарияда 14,3 миллион доллар жалған ақша табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда 14,3 миллион доллар жалған ақша табылды

23.10.2018

Болгарияда 14,3 миллион доллар жалған ақша табылды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі мәлім етті. Соңғы деректерге қарағанда, полиция жалған ақша шығаратын типографияны тәркіледі. Тәртіп сақшылары оны Қара теңіз маңындағы Сланчев-Бряг курортындағы бір қонақ үйде анықтаған. Олар қылмыскерлерді дер кезінде тұтқындап үлгерді. Бұл рейд АҚШ-тың барлау қызметімен бірігіп, 10 айлық тексеру жұмыстары нәтижесінде өткен еді. «Цехта табылған құрал-жабдықтардың сапасы өте жақсы, сондықтан, жалған ақшаны шын ақшадан ажырату өте қиын», -дейді мамандар. Құқық қорғаушылардың келтірген деректері бойынша 4 күдіктіге қарсы сот процесі басталмақ. Болжамдарға қарағанда, олардың мұндай ақша шығаратын орындары басқа қалаларда да бар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу