Сауд Арабиясы Батыс елдеріне «мұнай эмбаргосын» жарияламайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы Батыс елдеріне «мұнай эмбаргосын» жарияламайды

22.10.2018

Сауд Арабиясы Батыс елдеріне қарсы 1973 жылғыдай «мұнай эмбаргосын» жарияламайды. Жалпы, бұл ел шикізат бизнесін саясатқа араластырмақ емес. Мұны бүгін осы елдің мұнай министрі Халид әл-Фалих Ресейдің ТАСС агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді. Америка Құрама Штаттарында өмір сүрген, шыққан тегі саудиялық журналист Жамал Хашогги өлтірілгеннен кейін ресми әр-Риядтың Батыс елдерімен арасы суып кетті. АҚШ конгрессмендері тілшінің қазасы үшін корольдік билігін жазалауды талап етіп отыр. Алайда, әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы ел - Сауд Аравиясы Батыстың санкцияларына жауап ретінде «тиісті шара» қолдана алатындарын ескертті.

 

Арыстан РЫСБЕК  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу