Бельгияда ядролық реакторлар жөндеуге жабылып, елдің атомсыз болашағы сыналады. Антверпен және Льеж қалаларының жанындағы Доэледе 4 реактор жөндеуге беріледі. Олар елдің электрқуатына қажеттілігінің жартысын қамтамасыз етеді. Бұл кешендер 1975-1985 жылдары салынған. Олардың жарамдылығы - 40 жыл. Реакторлар күн суытқанда жұмысын тоқтатып отыр. Сондықтан, қазір көптеген үйлерде жарық сөніп, пойыздарды қуатпен қамтамасыз ету қымбатқа түсіп жатыр. Қазір электрқуатына альтернатива қарастылырып жатыр. Енді елде табиғи газды қолданатын терминалдар, электростанциялар жұмыс істейтін болады. Бұл жобалар Франция, Люксенбург, Нидерланды, Ұлыбритания мен Германия қолдап отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
