Колумбияда лай көшкіні салдарынан 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда лай көшкіні салдарынан 9 адам қаза тапты

22.10.2018

Колумбияның Барранкабермеха қаласында тоқтаусыз жауған нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 9 адам қаза тапты. Жараланғандар да бар. Соңғы деректер бойынша табиғи апат салдарынан 3 үй батпақтың астында қалған. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан мұнай өңдеуші зауытқа да қауіп төніп тұр. Қазір лай көшкіні жүріп өткен аудандарда құтқару, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетсек, Колумбияда жауын-шашын кесірінен мұндай апаттар жиі болып, одан әдетте шөл далада заңсыз салынған үйлер қирайды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу