Испанияда қызық жайт болды. Ел астанасы - Мадридтің қақ ортасынан бір отар қой жүріп өтті. Фермерлердің сөзіне сенсек, бұл оқиғаның тарихы тереңде жатыр. Дәлірек айтсақ, олар қойларды қыстаққа осы жолмен айдап жүргеніне 800 жылдай болыпты. Содан бері қала өссе де, қойшылар басқа жол іздеуден бас тартып отыр. Отарды діттеген жерге жеткізу оңай болған жоқ. Өйткені, ауыл жануарларының кейбірі жан-жаққа қашып, қожайындарын біраз әбігерге салды. Жергілікті тұрғындарың бәрі бірдей бұл дәстүрге риза емес. Дегенмен, қойлардың орталықтан өтуі туристер мен қала қонақтарын жыл сайын аң-таң қылады.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.