Мұны бүгін президент Владимир Путин Ташкентте өзбек әріптесі Шавкат Мирзиёевпен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Кремль басшысының сөзінше, бұл бекеттің екі блогы 2,4 мегаватт қуат өндіріп, Өзбекстанмен бірге Орталық Азияның өзге де елдерін арзан әрі таза электр энергиясымен қамтамасыз етпек.
Екі жақ АЭС салу туралы келісімге өткен айда қол қойды. Ресей билігінің мәліметінше, жаңа станцияның бірінші блогы 2028 жылы іске қосылады.
Сонымен қатар, Путин мен Мирзиёев Ауғанстандағы жағдайды талқыламақшы.
Арыстан РЫСБЕК