Қырымның Керчь қаласындағы колледжде болған жарылыстан 17 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланған. Ал, атыс пен жарылысты осы политехникалық колледждің 18 жастағы Владислав Ростяков есімді 4-ші курс студенті ұйымдастырғаны белгілі. Ол бірнеше мәрте оқ атып, бомбаны іске қосып, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. Тергеу деректеріне сай, жарылғыш заттың металл заттармен толтырылғаны анықталды. Шабуылшымен бір курста оқитын студенттердің сөзінше, Владислав тұйық жігіт болған. Дегенмен, кейін оның колледжге пышақ ұстап барып жүргені белгілі болды. Бұған қоса, студенттің қару-жараққа деген қызығушылығы жоғарып болған. Ал, шабуылдан бір ай бұрын ол қару ұстауға рұқсат алған екен. Тергеушілер оның сөмкесінен жарылмай қалған қолдан жасалған жарылғыш заттар табылғанын мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.