Германияның Кельн қаласында полиция бір әйелді кепілде ұстаған қаруланған ер адамды қолға түсірді. Ал, келіншек босатылған. Ол жеңіл жараланыпты. Сонымен бірге, полицияның дерегінше, шабуылшы ауыр жарақат алып, аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Әзірге, оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.
Қарулы адам кеше Кельн темір жол вокзалындағы дәріханада бір әйелді кепілде ұстаған еді. Сол себепті, вокзал жабылып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір пойыздар қозғалысындағы ауытқулар алдын ала жолаушыларға ескертіліп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.