Орыс православтық шіркеуі Константинополь дүниежүзілік патриархатымен байланысын үзді. Мұны Беларусь астанасы Минскке сапарында Ресей митрополиті Иларион мәлімдеді. Оның сөзінше, Мәскеу мұндай шешімді Стамбулдағы патриархат Украинаның Ресейден діни тәуелсіздік алу туралы өтінішін қанағаттандырған соң қабылдап отыр.
Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Ресей мен Украина православтық шіркеулерінің араздасуы –христиандар тарихында соңғы мыңжылдықта болған ең үлкен бөлшектену. Айта кетсек, 1054 жылы Христиан діні батыстық және шығыстық болып екіге айрылғаны белгілі.
Ресми Киевтің сөзінше, орыс шіркеуі Кремльмен бірге Донбасста сепаратизмді қолдап отыр. Алайда, Мәскеу мұны үнемі жоққа шығарып келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.