Францияның Од ауданында су тасқынынан 13 адам қаза тапты. Мұнда бірер сағаттың ішінде жауын-шашынның бірнеше айлық мөлшері түскен. Адамдарды құтқару операциясына 6 тікұшақ, 250 өрт сөндіруші мен 100 полиция қызметкері тартылды. Алайда, қолайсыз ауа райы тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруды қиындатқан.
Су тасқыны түнде адамдар ұйықтап жатқан кезде күтпеген жерден болды. Өзендер арнасынан асып, тасқын екпінімен ағаштар түп-тамырымен жұлынып, көліктер шайылған. Ауа райы мамандары су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Мектептер жабылып, адамдарға үйден шықпау туралы кеңес берілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.