Африка нарығын Мысыр смартфондары жауламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африка нарығын Мысыр смартфондары жауламақ

11.10.2018

Мысыр өз смартфонын шығара бастады. Олар осы жылдың соңы немесе 2019 жылдың басында африкалық нарықта кеңінен сатылмақ. «Силикон Индастриес» корпорациясы бұл телефондарды «Қара құрлықтың» Кения, Марокко, Конго, Оңтүстік Африка тәрізді елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Компания өнімдері қазір Парсы шығанағы елдеріне сатылып жатыр. Бағасы - 50-60 доллар аралығында. «Найл Икс» атты смартфондар қытайлық 3G және 4 G технологиясы дизайнымен жасалған.

Бұл кәсіпорын үлесінің 80 пайызын жеке инвесторлар, 20 пайызын Мысырдың коммуникация министрлігі ұстап отыр. Бұған қоса, Африка нарығын жаулауды көздеп отырған компания келер жылы смартфондардың жаңа 14 түрін ұсынбақ. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу