Испанияда жауын соңы тасқынға ұласып, 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда жауын соңы тасқынға ұласып, 5 адам қаза тапты

10.10.2018

Испанияның Майорка жағалауында жауын соңы тасқынға ұласып, 5 адамның өмірін қиды. Із-түзсіз жоғалғандар саны 12-ден асқан. Құрбандардың қатары әлі де өсуі мүмкін.

Соңғы деректер бойынша тоқтаусыз жауған нөсерден өзен арнасынан тасып, Сан-Лоренсо деген қаланы су басқан. Жолдар шайылып, көліктер бірі-біріне кептеліп қалды.

Қауіп төнген аудандарда мамандар іздеу-құтқару операцияларын жүргізіп жатыр. Оларға көмекке Валенсия қаласынан арнайы 3 тікұшақ пен 1 әскери ұшақ жеткізілді. Жергілікті ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, құрбандардың арасында британдық жұп бар. Қалғандары жайлы деректер қазір анықталып жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу