Гаити тұрғындары қоқысты өңдей алмағандықтан, Кариб теңізіне төгіп жатыр. Сондықтан, су жағасы қалдықтар полигонына айналды. Олардың арасында пластик пакеттер, шөлмектер, бір мәрте қолданылатын ыдыстар, тағам салатын контейнерлер өте көп.
Гаити - әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Мұнда қоқысты жинап, қайта өңдейтін жүйе әлі қалыптаспаған.
Айта кетсек, 1492 жылы желтоқсанның 5-де бұл жағалауға Христофор Колумб жеткен екен. «Егер Колумб бұл жерді бүгін көрсе, танымай қалар еді», - дейді жергілікті азаматтардың бірі.
Бұл проблема Гаитимен, Кариб теңізімен шектеліп қалмайды. Экологтардың мәліметінше, әлемдік мұхитқа жыл сайын 8 миллион тоннадай пластик тасталады екен.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.