Виктория Маринованың жерлеу рәсіміне жүздеген адам қатысты. Соңғы деректер бойынша, 30 жастағы әйелдің денесі Русе қаласындағы саябақта табылған. Ол зорланып, тұншықтырылғаны анықталды.
Ел премьер-министрі Бойко Борисовтың сөзінше, тергеу жұмыстары нәтижесінде көптеген айғақтар табылды. Қазір полицияда бұл оқиғаға қатысты түрлі болжамдар бар. Журналистің өлімі тікелей жұмысына байланысты болуы мүмкін. Себебі, Маринова «Детектор» бағдарламасының жүргізушісі болған. Ол Еуропалық одақ қаржыландырған жобаларды жүзеге асыру кезінде ақша жымқырылғаны туралы эфирде айтқан.
Тілшінің өліміне қатысты ОБСЕ-нің сөз бостандығы жөніндегі төрағасы Арлем Дезир «бұл қанды оқиғадан шошығанын және қылмыскерлерді міндетті түрде жауапқа тарту керектігін» «Твиттер» парақшасында жазды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.