Кубаның батысында «Майкл» дауылы өршіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кубаның батысында «Майкл» дауылы өршіп келеді

09.10.2018

Тоқтаусыз жауған нөсер екпінді желмен күшейіп, көптеген аймақтарға тасқын қаупі төніп тұр. Соңғы деректерге қарағанда, жел жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жеткен. Циклон Мексика елінің шығысына да барып қалды деген ақпарат тарап жатыр. Оның қауіптілігі 3-ші дәрежеге дейін көтерілді. Метеорология мамандарының болжамдарына қарағанда, апаттық жағдай АҚШ-тың Флорида штатына дейін жетуі мүмкін. Ал, бұл аймаққа зор шығындар алып келмек. Себебі, өткен айда ғана мұнда «Флоренс» дауылынан барлық жолдар шайылып, өңірде әлі қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу