«Брекситке» қарсы шеруге тұрғындар мың ит алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Брекситке» қарсы шеруге тұрғындар мың ит алып шықты

08.10.2018

Лондон орталығында ерекше марш өтті. Наразылық акциясына мыңға тарта адам иттерімен бірге шыққан. «Вуферендум маршы» атты шара кезінде британдықтар «Брексит» үрдісін тоқтатуды талап еткен. Шерушілердің сөзінше, акцияға төртаяқтылар «Брекситтен» кейін Біріккен корольдікті көптеген проблемалар күтіп тұрғанын ескерту үшін қатыстырылып жатыр. Британия бөлек кетсе, иттердің де азығы қымбаттап, ветеринарлар тапшы болады. Бұған қоса, үй жануарларына арналған еуропалық төлқұжат та күшін жояды. Демонстранттар осы және өзге де проблемаларға жол бермеу үшін қайтадан референдум өткізуді де талап етті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу