Индонезияда зілзаладан кейін 5 мыңдай адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда зілзаладан кейін 5 мыңдай адам жоғалып кетті

08.10.2018

Индонезияның Сулавеси аралының орталығындағы Палу қаласында 5 мыңдай тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Олар қыркүйектің 28-де болған қуатты жер сілкінісінен кейін табылмай отыр. Адамдардың көбі лай көшкіні мен үйінді астында қалып қойған. Бұған қоса, жүздеген кісі зілзала кезінде топырақ езіліп, сұйылған кезде жер астына кетуі мүмкін. Ал, іздеу-құтқару жұмыстары  бейсенбіде тоқтайды.

Соңғы деректерге сай, 7,5 баллдық дүмпу құрбандарының саны 1760-тан асып кеткен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу