Еуропа парламенті улы газды азайту туралы заңға дауыс берді. Бұл ережеге сәйкес, жеңіл машиналар мен фургондардан ауаға тарайтын көмір қышқылы 2030 жылға дейін 40 пайызға кемуі керек.
Жобаны еуродепутаттардың 389-ы қолдаса, 239-ы оған қарсы дауыс берген. Енді бұл құжатты осы одаққа кіретін 28 елдің парламенттері талқылап, өз шешімдерін шығаруы тиіс.
Жаңа заң аймақтың ірі автомобиль концерндері орналасқан елдерде экономикалық өсімді шектеп, жұмыс орындарын қысқартады деген қауіп бар. Соған қарамастан, Еуропа одағы климаттың жылынуына себеп болып отырған улы газ мөлшерін шектеу үшін автоконцерндерді электр қуатымен жүретін көліктерді жаппай шығаруға ынталандырмақ.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.