Арменияда мыңдаған адам мерзімінен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда мыңдаған адам мерзімінен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етті

03.10.2018

Арменияда ел премьер-министрі Никол Пашинянның жақтастары шеруге шықты. Мыңдаған адам елде мерзімінен тыс парламенттік сайлауды өткізуді талап етіп отыр. Демонстранттар парламент ғимаратын қоршауға алып, үкіметке деген наразылықтарын білдірді. Шеру кезінде Пашинян келіссөздер жүргізу үшін парламент үйіне кіріп шықты. Оның айтуынша, ол халықтың пікірін депутаттарға жеткізген.

Айта кетсек, соңғы айларда үкіметте партиялар арасында үлкен араздық пайда болып, олар саяси дағдарысқа алып келген. 

Ел премьері таяуда «Процветающая Армения мен Дашнакцутюн» партияларынан тағайындалған министрлер мен губернаторларды жұмыстан кетіру туралы қаулы шығарған. Ел президенті Армен Саркисян қаулыны мақұлдап, оларды қызметтен босатқан. Пашинянның сөзінше, енді ол премьер-министр қызметінен отставкаға кетеді. Сонымен, мерзімінен тыс парламенттік сайлау биыл желтоқсан айында өтуі тиіс.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу