Индонезияда цунами мен зілзаладан құрбандар саны 1350-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда цунами мен зілзаладан құрбандар саны 1350-ге жетті

03.10.2018

Индонезияда цунами мен зілзаладан құрбан болғандардың саны 1350-ге жетті. Жүздеген адам жараланған. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Табиғи апаттан әсіресе ауыр соққы көрген Палу қаласында адамдар арасында байбалам басталды. Адамдар әуежайға жиналып, қаладан жаппай кетіп жатыр.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, шағын дүкендерді, жанармай станцияларын тонаған. Сол себептен, полиция қауіп төнген мекемелерді күзетуді күшейтті. Қолда бар деректер бойынша, компьютер сататын дүкенді тонамақ болған, бірнеше адам тұтқындалды.

Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Индонезияда ірі жер сілкінісі мен цунами болып 50 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу